Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

ҚФФ президенті Марат Омаров жас жаттықтырушы Алибек Жүсіповтің қазасына байланысты көңіл айтты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров жол апатынан қаза тапқан балалар футболының бапкері Алибек Жүсіповтің өліміне байланысты марқұмның туыстары мен жақындарына ресми көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

ҚФФ мәліметінше, Федерация бапкердің отбасына жан-жақты қолдау көрсететін болады.

«Алибек Жүсіпов балалар мен жасөспірімдер футболының дамуына орасан зор үлес қосты. Ол өз бапкерлік мансабында көптеген жас футболшыларға кәсіби спортқа жол ашып беріп, отандық футболға адал қызмет етті. Біз оны әрдайым білікті маман әрі жақсы адам ретінде есте сақтаймыз», — делінген Федерация таратқан ресми мәлімдемеде.