02.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

КФФ президенті бір жылда қазақ тілінде еркін сөйлегісі келеді

КФФ президенті бір жылда қазақ тілінде еркін сөйлегісі келеді

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров Үкімет кулуарында мемлекеттік тілді меңгеру жоспары жайлы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның айтуынша, қазақ тілін үйрену үшін біраз уақыт пен тұрақты тәжірибе қажет. Дегенмен, ол бір жылдың ішінде еркін сөйлей алатынына сенімді екенін жеткізді. Тіпті, сол уақытта қазақ тілінде сұхбат беруге дайын екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, Марат Омаров бұл жолда БАҚ өкілдерінің көмегіне жүгінгісі келетінін және тілді үйрену үшін бар күшін салатынын айтты.