23.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

ҚФФ басшысы УЕФА президентімен кездеседі

Досымжан Науханов
Досымжан Науханов
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

10-шы ақпанда Швейцарияның Ньон қаласында Қазақстан футбол федерациясының жаңа басшысы Марат Омаров УЕФА президенті Александр Чеферинмен кездеседі. Бұл туралы ҚФФ Президентінің әлеуметтік желідегі парақшасынан белгілі болды.

«10.02.25 күні УЕФА Президенті А.Чеферин мырзаға өзінің штаб-пәтерінде жеке кездесуге шақырғаны үшін алғысымды білдіремін. Қазақстандағы футболды дамыту жоспарын және жаңа жобаларды талқылаймыз деп жоспарланып отыр. Сіздермен кездесу нәтижелерімен міндетті түрде бөлісіп отырамын, алдағы жұмыс жоспарымды да ұсынамын», – деп жазды Марат Омаров.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 17-ші ақпанда Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті Марат Омаров БАҚ өкілдерімен баспасөз маслихатын өткізеді.

«Қазір мен ҚФФ аудиті және федерацияның ішкі жұмыстарымен танысып жатырмын. Пресс-конференцияда мен ҚФФ және QFL-дағы құрылымдық реформаларды, Ұлттық құрамалардың басшылығы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия және әділ төрешілік туралы жаңалықтармен де бөлісемін!», – делінген жазбада.