23.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Кездесу тең есеппен аяқталуы ықтимал» — сарапшы «Атлетико» — «Ботафого» матчтына болжам айтты

«Кездесу тең есеппен аяқталуы ықтимал» — сарапшы «Атлетико» — «Ботафого» матчтына болжам айтты

23 маусымда «Атлетико» Клубтық әлем чемпионатының үшінші турында «Ботафогомен» кездеседі. Матч АҚШ-тағы Пасадена қаласында орналасқан «Роуз Боул» стадионында өтеді.

Спорт сарапшысы Асқар Хамиден Sport Pulse  порталына алдағы ойынға қатысты пікір айттыү.

— «Атлетико» жеңіске жетсе де, келесі кезеңге өту үшін кем дегенде 3:0 есебімен ұтып, әрі «ПСЖ» – «Сиэтл» кездесуінде «ПСЖ» ұпай жоғалтуы тиіс. Сондықтан бұл кездесуде негізгі фаворит — «Ботафого» деуге болады. Себебі команданың ұпайы толық, ал оларға тең нәтиже де жеткілікті.

Дегенмен, екі команда да сапалы ойын өрнегін көрсетуі тиіс. Менің ойымша, екі команда да гол соғады және кездесу тең аяқталуы ықтимал.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!