Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Кейн Бундеслигадағы Эрлинг Холандтың рекордын жаңартты

«Баварияның» шабуылшысы Харри Кейн турнирде 60 гол соғып, Германия Бундеслигасының рекордын орнатты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған жету үшін 31 жастағы футболшыға 60 кездесу қажет болды. Ағылшындық форвард 65 матчта 60 рет гол соққан дортмундтық «Боруссияның» бұрынғы шабуылшысы Эрлинг Холандтың жетістігін басып озды.

Кейн 60-шы голын Бундеслиганың 30-турында «Хейденхаймға» қарсы ойында соқты (0:4). 13-минутта шабуылшы есеп ашты

Форвард «Баварияға» 2023 жылдың жазында «Тоттенхэмнен» ауысты. Жалпы, ол барлық турнирлерде 88 матчқа қатысып, 80 гол соғып, 24 нәтижелі пас берді.