Оқу уақыты: 1 мин

Кевин де Брюйне «Манчестер Ситиден» кетеді — ойыншы АҚШ-қа бет алуы мүмкін

Кевин де Брюйне «Манчестер Ситиден» кетеді — ойыншы АҚШ-қа бет алуы мүмкін

«Манчестер Ситидің» аңызы Кевин де Брюйне клубтағы он жылдық мансабын аяқтайды. 33 жастағы бельгиялық жартылай қорғаушы сәуір айында маусым соңында команданы тастап кететінін растады.

Премьер-лигада 16 трофей жеңіп алған де Брюйне «қалалықтардың» сәтті дәуірінің символына айналды. Келісімшарт мерзімі аяқталуға төрт-ақ матч қалды, ал клубтық әлем чемпионатына қатысуы әлі келісілмеген.

«Мен әлі де осы деңгейде ойнай алатынымды көрсете алдым. Соңғы апталардағы ойындарым — соның дәлелі», — деді ойыншы «Вулверхэмптонға» қарсы матчтан кейін.

Оны басты трансферлік нысанаға айналдырған клуб — америкалық «Чикаго Файр». Сауд Арабиясынан да ұсыныстар бар, алайда де Брюйне отбасылық себептерге байланысты АҚШ не Еуропада қалуды қалайды.

Айта кетейік, Кевин кәсіби мансабын аяқтауға ниетті емес — оның басты мақсаты 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысу. Ол үшін ойын қарқыны біршама төмен чемпионатқа ауысуды жөн көреді.