11.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Кевин Де Брюйне «Наполи» ойыншысы атанады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Кевин Де Брюйне «Наполи» ойыншысы атанады

«Манчестер Ситидің» бұрынғы жартылай қорғаушысы Кевин Де Брюйне италиялық «Наполи» клубына ауысады. Бұл туралы танымал инсайдер Фабрицио Романо хабарлады. Оның мәліметінше, екі тарап арасындағы келісім толықтай аяқталған.

Алдағы күндері бельгиялық футболшы медициналық тексерістен өтіп, жаңа клубымен екі жылға келісімшартқа қол қояды. БАҚ мәліметі бойынша, Де Брюйне Неапольде жылына 5 миллион еуро жалақы алады.

Өткен маусымда 33 жастағы жартылай қорғаушы «Манчестер Сити» сапында 40 матч өткізіп, 6 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген.

Кевин Де Брюйне ағылшын клубында 2015 жылдан бері ойнап, команда көшбасшыларының біріне айналды. Осы уақыт ішінде ол «Ситимен» бірге алты рет Англия чемпионы атанып, Чемпиондар лигасын, екі Англия кубогын, бес Англия лигасы кубогын және екі Суперкубокты жеңіп алған.