21.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Кержаков «Қайраттан» кеткеннен кейін қай елдерден ұсыныс алғанын айтты

«Зенит» пен Ресей құрамасының бұрынғы шабуылшысы, «Пари НН» және «Қайрат» клубтарының экс-бас бапкері Александр Кержаков жаттықтырушы қызметі бойынша қай елдерден ұсыныс алғанын айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ұсыныстар болды: Өзбекстан, Вьетнам және Үндістан клубтарынан. Әртүрлі себептермен бұл іске аспады», – деді Кержаков «Чемпионатқа» берген эксклюзив сұхбатында.

Кержаковтың кейінгі жұмыс орны «Қайрат» болды. Қазақстандық клубтан ресейлік маман былтыр қыркүйек айының басында кеткен. Бұған дейін Александр Кержаков Суботицаның «Спартак», Кипрдің «Кармиотисса» және «Томь» клубтарында жұмыс істеген. «Зенит» және «Севилья» клубтарының бұрынғы шабуылшысы бапкерлік карьерасын 2018 жылы бастаған.