24.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Кеңесов «Елімай» сапында өнер көрсетеді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Кеңесов «Елімай» сапында өнер көрсетеді

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Арман Кеңесов енді «Елімай» клубының ойыншысы. Бұл туралы Aladop.kz хабарлады. Ақпарат көзінің мәліметінше, семейлік команда 24 жастағы футболшымен келісімге келген.

Биылғы маусымда Кеңесов Қазақстан Премьер-лигасында «Астана» сапында төрт ойын өткізіп, нәтижелі әрекеттерімен көзге түскен жоқ. Келісімшарты 2025 жылдың соңына дейін жарамды болса да, ол команда ауыстыруды жөн көрді.

Арман бұған дейін «Ақтөбе», «Қайсар», «Ертіс» және Ресейдің «СКА-Хабаровск» клубтарында ойнаған. Жалпы, ҚПЛ аясында 114 матч өткізіп, 13 гол соққан және 4 нәтижелі пас берген. Transfermarkt дерегі бойынша, футболшының нарықтық құны – 300 мың еуро. Қазақстан құрамасында 4 рет алаңға шыққан.