22.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Кейлор Навас өзіне жаңа команда тапты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали

38 жастағы костарикалық қақпашы Кейлор Навас Мексиканың «Пумас» клубына ауысты. Ол аргентиналық «Ньюэллс Олд Бойз» командасынан 1,9+0,1 миллион долларға сатып алынды.

Навас «Ньюэллс» сапында биыл қаңтардан бері өнер көрсетіп, 16 матчқа қатысқан.

Айта кетейік, бұған дейін «Пумас» клубы құрамын валлийлық жартылай қорғаушы Аарон Рэмзимен күшейткен болатын.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!