11.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазіргі чемпион Рыбакина Римде күтпеген жеңілісіке ұшырады

Қазіргі чемпион Рыбакина Римде күтпеген жеңілісіке ұшырады

Елена Рыбакина Римдегі WTA турнирінің үшінші айналымында Бьянка Андрескуден жеңілді. Әлемдік рейтингте 12-орында тұрған қазақстандық теннисші Канадалық 121-ракеткадан 2:6, 4:6 есебімен ұтылды.

Турнирдің қазіргі чемпионы фаворит мәртебесін ақтай алмады — Рыбакина жүлде қоры 6 009 593 еуро болатын жарысты аяқтады. Алдыңғы кездесуде қазақстандық спортшы германиялық Ева Листі 7:6, 6:2 есебімен жеңген болатын.

Бьянка Андреску 1/8 финалда Магдалена Френх (Польша) — Чжэн Циньвэнь (Қытай) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Рим турнирінің жеңімпазы 877 390 еуро және 1000 рейтингтік ұпай алады.