Оқу уақыты: 1 мин

«Қазір менің бар ойым «Оқжетпесте» — Никола Цуцкич бұрынғы командасына қарсы ойын алдында

«Қазір менің бар ойым «Оқжетпесте» — Никола Цуцкич бұрынғы командасына қарсы ойын алдында

17 мамырда Қазақстан премьер-лигасының тоғызыншы туры аясында Көкшетаудың «Оқжетпесі» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдайды.

Өткен турда Андрей Ферапонтовтың шәкірттері Талдықорғанда жергілікті «Жетісуды» 3:1 есебімен жеңді. Ал «Ақтөбе» кейінге шегерілген 16-тур ойынында сырт алаңда «Қайсарды» 2:1 есебімен тізе бүктірген.

Қазір чемпионат кестесінің көшін 9 матчтан кейін 23 ұпай жинаған алматылық «Қайрат» бастап тұр. 8 ойын өткізген «Оқжетпес» 14 ұпаймен бесінші орында. Команданың қоржынында — 4 жеңіс, 2 тең ойын және 2 жеңіліс бар. Ал «Ақтөбе» 9 кездесуде 7 рет жеңіске жетіп, бір мәрте тең ойнап, бір-ақ рет ұтылған. Бұл нәтиже оларға турнир кестесінде екінші сатыдан табылуға мүмкіндік беріп отыр.

«Оқжетпестің» сербиялық жартылай қорғаушысы Никола Цуцкич Sport Pulse порталына алдағы ойынға қатысты пікір білдірді:

— «Ақтөбеге» қарсы матч мен үшін ерекше. Бұрын осы команданың намысын қорғадым. Бұл — атағы да, амбициясы да зор өте мықты ұжым. Сондықтан ойын оңай болмайды деп ойлаймын. Бірақ қазір менің бар ойым «Оқжетпесте». Біз байсалдымыз, команданың рухы мықты, басты мақсатымыз — маңызды ұпайларды иелену. Ұйымдасқан, сапалы футбол көрсетуге тырысамыз. Жанкүйерлерімізді өз алаңымызда қуанту үшін бар күшімізді саламыз.

Ойын жайлы негізгі ақпарат:

Күні: 17 мамыр

Басталуы: 16:00 (тікелей эфир — 15:55-тен бастап)

Стадион: «Оқжетпес», Көкшетау

Көрсетілім: Qazsport телеарнасы

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!