13.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстанның хоккей құрамасы Азия ойындарының финалына шықты

Харбинде (Қытай) өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында Қазақстанның хоккей құрамасы финалға шықты. Бұл туралы 1bol.kz жазды. Жартылай финалда Олег Болякин шәкірттері жарыс қожайындары – Қытай құрамасын жеңді.

Бас бапкер айдынға мына ойыншыларды алып шықты: Шутов (Әмірбеков); Данияр-Бекетаев, Старченко-Өмірбеков-Рымарев; Бреус-Гайтамиров, Савицкий-Лихотников-Панюков; Степаненко-Михайлов, Буяльский-Гренц-Оспанов; Королев-Бутенко, Колесников-Борисевич-Чапоров.

Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. Тек екінші кезеңнің соңында ғана Роман Старченко гол соғып, Қазақстанды алға шығарды. Артынша Дмитрий Гренц есепті еселеді.

Матч аяқталар сәтте қытайлық Ван Цзинь бір шайба соғып, командасына үміт сыйлаған. Алайда, ойын аяқталуға 47 секунд қалғанда Дмитрий Бреус есепті 3:1-ге жеткізіп, Қазақстанды финалға алып шықты.

Алтын медаль үшін таласта Болякин шәкірттері Оңтүстік Корея немесе Қытай құрамаларымен айдынға шығады. Жартылай финалдық екінші матч 13 ақпанда сағат 11:00-де басталады.