Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстанның бірінші ракеткасы Италиядағы турнирді жеңіспен бастады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Италиядағы турнирді жеңіспен бастады

Қазақстанның бірінші ракеикасы Александр Бублик Италияның Турин қаласында өтіп жатқан Piemonte Open Intesa Sanpaolo ATP Challenger 175 турниріндегі алғашқы матчында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жарыстың 1/16 финалында Бублик (АТР: 76) жергілікті Маттео Гигантені (АТР: 164) тізе бүктірді.

Грунт төсенішіндегі кортта өткен қос теннисші арасындағы кездесудің тағдыры 1 сағат 1 минутта шешілді. Осы уақыт ішінде Бублик 5 эйс пен 4 брейк жасап, 2 мәрте қос қателікке жол берді. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласынан 2:0 (6:3; 6:1) есебімен басым түсті.

Енді еліміздің үздік теннисші келесі айналымда италиялық Федерико Арнабольдимен (АТР: 194) шеберлік байқасады.

Айта кетейік, 18 мамырға дейін жалғасатын дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 227 270 еуроны құрайды.