Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Қазақстанның бірінші ракеткасы Испаниядағы беделді турнирді жеңіспен бастады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Испания астанасы Мадрид қаласында өтіп жатқан Mutua Madrid Open ATP Masters 1000 турниріндегі алғашқы матчында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жарыстың 1/64 финалында Александр Бублик (АТР: 75) америкалық теннисші Алекс Микельсенді (АТР: 38) тізе бүктірді.

Грунт кордында өткен қос теннисші арасындағы кездесу 1 сағат 47 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Бублик 11 эйс пен 1 брейк жасап, 3 мәрте қос қателікке жол берді. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласынан 2:0 (7:6; 7:6) есебімен басысм түсті.

Енді Бублик 1/32 финалда аустралиялық Алексей Попыринмен (АТР: 26) шеберлік байқасады.

Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 8 055 385 долларды құрайды.