17.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстандықтары бар «Адмирал» КХЛ плей-оффына шықты

Владивостоктың «Адмирал» хоккей клубы Континенталдық хоккей лигасының (КХЛ) плей-офф кезеңіне шығуын қамтамасыз етті. Бұл «Лада» командасының «Нефтехимикті» 7:1 есебімен жеңуінің арқасында мүмкін болды.

Леонид Тамбиевтің шәкірттері маусым барысында 68 ұпай жинап, Шығыс конференциясының үздік сегіздігіне енді. Осылайша, «Адмирал» плей-оффқа жолдама алған он бесінші команда және Шығыс конференциясынан жетінші өкіл атанды.

Владивосток клубының қатарында Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары – Леонид Метальников пен Аркадий Шестаков өнер көрсетеді.