11.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық төрешілер УЕФА Жастар лигасының матчына қызмет етеді

Қазақстандық төрешілер УЕФА Жастар лигасының матчына қызмет етеді

KazFootball.kz мәліметінше, бүгін қазақстандық төрешілер бригадасы Булат Сариевтің жетекшілігімен УЕФА Жастар лигасының 1/16 финалындағы маңызды матчқа төрелік етеді. Ойынға неміс «Штутгарт» пен ағылшын «Ливерпуль» жастар командалары қатысады.

Төрешілер құрамы:

  • Бас төреші: Булат Сариев (Қазақстан)
  • Көмекшілер: Юрий Тихонюк, Сергей Калачев (Қазақстан)
  • Төртінші төреші: Феликс Приган (Германия)

Матч Астанауақыты бойынша 18:00-де басталады және осы кезеңдегі қарсыластар арасындағы алғашқы ойын болмақ.