Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық теннисшілер Португалиядағы челленджер турнирін жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисшілер Португалиядағы челленджер турнирін жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисшілер Денис Евсеев пен Бейбіт Жұқаев Португалияның Эшторил қаласында өтіп жатқан ATP челленджер турнирінде жұптық сында жарысты сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің алғашқы айналымында қазақстандық теннисішлер португалиялық Педру Араужу / Жоау Граса дуэтімен кездесіп, 1 сағат 1 минутқа созылған тартысты матчта үш сет қорытындысы бойынша 6:1, 0:6, 8:10 есебімен жеңіске жетті.

Жекелей сында Денис Евсеев алғашқы айналымда рейтингіде 280-сатыдағы бельгиялық Киммер Коппеянспен шеберлік байқасып, 6:2, 6:4 есебімен басым түсті.

Ал, Бейбіт Жұқаев болса іріктеу сайыстарының жартылай финалында күтпеген жерден рейтингіде 709-сатыдағы португалиялық Франсишку Рошадан жеңіліп (4:6, 6:1, 6:7 (6:8)), негізгі кезеңге өте алмаған болатын.