Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Қазақстандық теннисшілер 14 жасқа дейінгі әлем чемпионатына іріктеудегі қарсыластарын білді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Кучингте (Малайзия) 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы теннистен командалық әлем чемпионатына іріктеудің Азия/Мұхит аймағы бойынша топтық кезеңінің жеребесі тартылды.

Қазақстан қыздар құрамасы D тобына түсті. Қарсыластары — Өзбекстан, Иран және Аустралия. Жарыс 2025 жылдың 2–6 сәуір аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы алғашқы матчын ертең Өзбекстанға қарсы өткізеді.

Әлем чемпионатына жолдама алу үшін төрт үздік команда анықталады.

Еліміздің намысын қорғайтын құрама мүшелері:

• Ясмин Дюсембаева

• Тамина Сакен

• Мариям Нұржан

Команда капитаны: Марат Шәріпов.