01.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстандық теннисші Мексикадағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Анна Данилина ресейлік Ирина Хромачевамен бірге Меридада (Мексика) өтіп жатқан WTA-500 турнирдің жұптық сынының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда венгриялық Тима Бабош пен америкалық Николь Меликарды 3:6, 7:6 (7:4), 11:9 есебімен жеңді.

Кездесу 1 сағат 41 минутқа созылды.