Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Қазақстандық теннисші Қытайдағы жарыстың ширек финалында сүрінді

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин кипрлік Менелаос Эфстатиумен дуэт құрап, Луанда (Қытай) өтіп жатқан турнирдің жұптық сайысында жартылай финалға өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалда Ломакин мен Эфстатхиу қытайлық теннисшілер Юцюань Цзинь мен Зекай Лимен кездесіп, сенсациялық түрде екі сетте жеңілді — 6:7, 4:6.

Матч 1 сағат 31 минутқа созылды.

Қазақстандық пен оның серіктесі тек осы матчтың ғана емес, бүкіл турнирдің фавориттері саналған еді.