Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Қазақстандық теннисші Кукушкин Португалиядағы турнирді жеңіспен бастады

ATP рейтингінде 167-орында тұрған Михаил Кукушкин Португалияның Оэйраш қаласындағы теннис турнирін сәтті бастады.

Бірінші айналым матчында қазақстандық спортшы кездесудің айқын фавориті болмаса да, әлемдік рейтингте 200-орында тұрған италиялық Маттео Джигантені 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Корттағы тартыс 1 сағат 36 минутқа созылды. Челленджердің жүлде қоры 181 250 еуроны құрайды. Турнир жеңімпазы 9 010 еуро мен 125 рейтингтік ұпай алады.