Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық теннисші Италиядағы жарыста ширек финалға өтті

Қазақстандық теннисші Италиядағы жарыста ширек финалға өтті

Қазақстандық теннисші Александр Бублик (АТР рейтингінде 76-орын) Туринде (Италия) өтіп жатқан турнирде екінші кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекелей сында 1/8 финалда Бублик италиялық Федерико Арнаболдимен (194-орын) кездесіп, үш сетте жеңді — 0:6, 6:3, 6:3.

Матч 1 сағат 37 минутқа созылды.

Александрдың келесі қарсыласы аргентиналық теннисші Томаш Мартин Этчеверри (51-орын) болмақ.

Айта кетейік, Александр Бублик жекелей сында Қазақстанның үздік теннисшісі.