11.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Манама турниріндегі жорығын аяқтады

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев (ATP рейтингінде 266-орын) Манамадағы «Челленджер» турнирінен шығып қалды.

31 жастағы спортшы 1/16 финалда Канада өкілі Алексис Галарномен (ATP 178-орын) кездесті. Үш сетке созылған тартысты матчта солтүстік америкалық спортшы жеңіске жетті — 7:6, 6:7, 6:3.

Айта кетейік, бір апта бұрын Тенерифедегі турнирде Евсеев осы кезеңнен әрі аса алмаған еді. Сол жолы ол испандық Алехандро Моро-Каньяспен кездесіп, 1:6, 6:4, 3:6 есебімен жеңілді.