15.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық теннисші Бахрейндегі турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Бахрейндегі турнирдің финалына шықты

Қазақстандық Бейбіт Жұқаев пен украиналық серігі Виталий Сачко Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жұптық теннис турнирінде финалға жолдама алды.

Қазақстан-Украина дуэті бір күнде екі сенсациялық жеңіске жетті. Ширек финалда олар турнирдің бірінші нөмірлі жұбын — испаниялық Серхио Гомес пен румыниялық Виктор Влад Корнюді 6:7, 6:3, 10:4 есебімен тізе бүктірді.

Жартылай финалда Жұқаев пен Сачко нидерландтық Барт Стивенс пен АҚШ өкілі Васил Кирковты тартысты матчта 7:6, 6:7, 10:4 есебімен ұтып, жанкүйерлерді тағы бір мәрте таңғалдырды.

Финалда олар беларусь-француз жұбы — Иван Лютаревич пен Люка Санчеспен кездеседі. Жұқаев пен Сачко үшін бұл маңызды матч болмақ, себебі жеңіс оларға үлкен бедел мен рейтингтік ұпайлар әкеледі.