04.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Индиан-Уэллс қаласында (АҚШ) өтіп жатқан ATP 1000 турнирінің іріктеу кезеңінде финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда Михаил ұйымдастырушылардан шыққан Wild Card иегері франциялық Тео Папамаламисті 6:4, 6:7, 7:5 есебімен ұтты.

Негізгі айналымда ойнау үшін Кукушкин италиялық Джулио Зеппиеримен кездеседі.