28.11.2024
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстандық теннисші 2024 жылы қателіктер саны бойынша көш бастап тұр

Championat.com сайтының мәліметінше, әлемдік рейтингте 34-орында тұрған қазақстандық теннисші Александр Бублик 2024 жылы қос қателіктер бойынша көшбасшы атанды. Маусым басынан бері Бублик 316 рет қос қателік жіберіп, осы рейтингте бірінші орынға шықты.

Оның артынан канадалық теннисші Денис Шаповалов (303 қателік) және ресейлік Даниил Медведев (298 қателік) келеді. Көшбасшылар бестігін Григор Димитров (234) пен Феликс Оже-Альяссим (224) толықтырады.

Қателіктер санына қарамастан, Александр Бублик турнирлерге белсенді түрде қатысуда. Ол жақын арада, 6-8 желтоқсан күндері Лондонда өтетін UTS турының үлкен финалына қатысады. Бұл беделді көрме жарысының жүлде қоры 2 миллион доллардан асады. Турнирді ұйымдастырушылардың бірі – танымал теннис менеджері Патрик Муратоглу.

Бублик үшін бұл жарыс қос қателіктер бойынша сыннан бөлек, ойын деңгейін көрсетуге және беделді алаңда өзін дәлелдеуге жақсы мүмкіндік болмақ.