04.10.2024
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстандық таеквондист жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

Olympic.kz хабарлауынша, таеквондодан Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяның Чунчхон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында табысты өнер көрсетуді жалғастыруда.

Нұралы Махмұт 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медаль жеңіп алып, командаға турнирдің екінші медалін сыйлады. Соңғы жекпе-жекте қазақстандық спортшы Иран өкілі Көк Мохтарамиден жеңіліп, әлем чемпионы атағын қарсыласына берді.

Осы салмақтағы қола жүлделер Ресейлік Азат Бесаев пен Қытайдан Хаожан Танға бұйырды.

Айта кету керек, бұл чемпионатта Қазақстан құрамасының қоржынындағы екінші медаль. Бұған дейін Нұрай Қазнабек 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медаль иеленіп, қазақстандық жас таеквондистердің жоғары деңгейін тағы бір мәрте растады.