15.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық спортшылар Таиландтағы халықаралық турнирді жеңіспен бастады

Қазақстандық спортшылар Таиландтағы халықаралық турнирді жеңіспен бастады

Сонгкхлада (Таиланд) AVC Beach Tour аясындағы жағажай волейболынан 24-ші Samila Open Азия турының кезеңі басталды.

Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық екі жұп жеңіске жетті.

Дмитрий Яковлев пен Абдулмаджид Мохаммад тартысты әрі шиеленісті кездесуде Қытай спортшыларын 2:1 есебімен ұтты.

Сергей Богату мен Кирилл Гурин жұбы турнирді сенімді бастады. Олар ирандық қарсыластарын 2:0 есебімен жеңді.