28.03.2025
Время чтения: 1 мин

Қазақстандық Шайдоров әлем чемпионатының қысқа бағдарламасында үшінші орын алды

Қазақстандық Шайдоров әлем чемпионатының қысқа бағдарламасында үшінші орын алды

Бостонда өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында қазақстандық Михаил Шайдоров қысқа бағдарламадан кейін аралық үшінші орынға жайғасты.

Жарыста АҚШ өкілі Илья Малинин көш бастаса, екінші орынды жапониялық Юма Кагияма иеленді.

«Бүгінгі күн мен үшін өте қиын болды, қатты толқыдым. Бірақ барлық элементтерді орындай алдым. Еркін бағдарламада да жақсы өнер көрсете аламын деп үміттенемін», — деді Шайдоров.

Қазақстандық спортшы сондай-ақ, турнирдегі ұйымдастырушылық жаңалықтарға оң баға берді. «Мұнда енгізілген жаңа идеялар маған ұнайды. Бұл мені алаңдатпайды. Ең бастысы — біздің спорт түріне көбірек назар аудару».