Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық шахматшы Алуа Нұрман Азия чемпионы атанды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстандық шахматшы Алуа Нұрман Азия чемпионы атанды

Қазақстандық шахматшы Алуа Нұрман Біріккен Араб Әмірліктерінде өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарып, алтын медаль иеленді.

Алматыдан шыққан 18 жастағы спортшы турнир барысында 6 партия қатарынан жеңіске жетіп, шешуші турда жерлесі Ксения Балабаеваны жеңді. Қосымша көрсеткіштер бойынша ол тәжірибелі ресейлік гроссмейстер Валентина Гунинаны басып озды.

Жарыс қорытындысы:

  • Алуа Нұрман (Қазақстан) – алтын
  • Валентина Гунина (FID) – күміс
  • Син Юйсинь (Қытай) – қола

Сондай-ақ, Қазақстан намысын қорғаған өзге шахматшылар да үздік ондықтан көрінді:

  • Елназ Қалиахмет – 5-орын
  • Ксения Балабаева – 7-орын
  • Лия Құрманғалиева – 10-орын

Бұл жеңіс – қазақ шахматы үшін маңызды жетістік.