18.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық Сәркенов командасы WHL плей-офф үшінші матчында жеңілді

Қазақстандық Сәркенов командасы WHL плей-офф үшінші матчында жеңілді

Батыс хоккей лигасының ширек финалдық сериясының үшінші матчында «Спокан Чифс» «Виктория Роялстан» жеңілді — кездесу есебі 3:4, ал сериядағы есеп 1:2 болды.

«Спокан Чифс» сапында өнер көрсететін қазақстандық шабуылшы Асанали Сәркенов бұл ойында нәтижелі әрекеттерге қол жеткізе алмады.

Биылғы маусымда 18 жастағы шабуылшы сенімді ойын көрсетуде — WHL тұрақты чемпионатында ол 52 матч өткізіп, 10 шайба соғып, 17 нәтижелі пас беріп, 27 ұпай жинады.

Плей-оффта Сәркенов лайықты нәтиже көрсетуде. 8 кездесуде ол 2 гол соғып, 3 голдық пас беріп, 5 нәтижелілік ұпайын еншіледі.