27.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстандық Самоделкина ӘЧ қысқа бағдарламасында 13-орын алды

Бостондағы мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Софья Самоделкина қысқа бағдарламада 63.58 ұпаймен 13-орынды иеленді.

Жарыста америкалық мәнерлеп сырғанаушы Алиса Лю 74.58 ұпаймен көш бастады. Үздік үштікке мыналар кірді:

  • Жапониялық Монэ Тиба — 73.44 ұпай
  • АҚШ өкілі Изабо Левито — 73.33 ұпай

17 жасар Самоделкина үшін бұл турнир қазақстандық құрама сапындағы алғашқы жарысы болды — спортшы 2023 жылдың жазында Қазақстан туы астына өтіп, 2024 жылдың мамырында ресми растау алған. Өткен жылдың тамызынан бастап мәнерлеп сырғанаушы ұлттық құрама сапында жаттығуда.