Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Қазақстандық ойыншысы бар түрік клубы ойсырай жеңілді

Түркия чемпионатының 31-ші тур матчында «Эюпспор» өз алаңында «Адана Демирспорды» қабылдап, 6:0 есебімен жеңіске жетті.

Алаң иелері матч бойы басымдылық танытты — Маме Тиам, дубль авторы Эмре Акбаба, Умут Бозок, Тайфур Бингель және Халиль Акбунар есеп айырмашылығын еселеді.

Қонақтардың қазақстандық шабуылшысы Абат Аймбетов ойынды қосалқы құрамда бастап, үзілістен кейін алаңға шықты. Оның ойынға қосылуы командасын ірі жеңілістен құтқара алмады.

Матч қорытындысы бойынша «Эюпспор» 50 ұпаймен турнир кестесінің төртінші орнына көтерілсе, «Адана Демирспор» минус екі ұпаймен 19 команданың арасында соңғы орында қалып отыр.