26.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Нұрбек Оралбай Странджа кубогының жартылай финалына шықты

Софияда (Болгария) өтіп жатқан беделді Странджа кубогында қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай кезекті жеңісіне қол жеткізді.

86 кг салмақтағы ширек финалда ол Англия өкілі Стот Тинді сенімді түрде 5:0 есебімен жеңді. Бұл жеңіс Оралбайға кемі қола медальді қамтамасыз етті.

Айта кетейік, 1/8 финалда жерлесіміз болгариялық Мануэль Жечевті де айқын басымдықпен жеңген болатын.