27.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар беделді турнирлерден медальдармен оралды

Zakon.kz хабарлауынша, Қазақстанның жетекші мәнерлеп сырғанаушылары — Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина бірқатар маңызды халықаралық жарыстардан кейін елге оралды.

20 жастағы Шайдоров барлық турнирлерде жоғары нәтиже көрсетті. Ол Италияның Турин қаласында өткен қысқы Универсиадада 4-ші орын иеленсе, Харбиндегі Азия ойындарында қола медаль алды. Ал жақында Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өткен Төрт құрлық чемпионатында жеңіске жетті.

Жақында 18 жасқа толған Софья Самоделкина да жанкүйерлерді қуантты. Ол Туриндегі Универсиадада қола медаль жеңіп алып, Төрт құрлық чемпионатында маусымдағы ең үздік нәтижесін көрсетті.

Қазір спортшылар маусымның басты жарысы — 24-30 наурыз аралығында АҚШ-тың Бостон қаласында өтетін әлем чемпионатына дайындықты бастайды.