Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық қыздар әлем чемпионатының іріктеуін ірі жеңіспен бастады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстандық қыздар әлем чемпионатының іріктеуін ірі жеңіспен бастады

Шымкенттегі Beeline Arena ұлттық теннис орталығында 16 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Billie Jean King Cup турнирінің Азия/Тынық мұхиты аймағы бойынша финалдық іріктеу кезеңі басталды.

«D» тобында ойнайтын Ярослава Шведова баптайтын Қазақстан құрамасы алғашқы матчта Филиппинді 3:0 есебімен тас-талқан етті. Еркежан Жанатаева қарсыласын 6:0, 6:0 есебімен, ал Ева Корышева 6:0, 6:2 нәтижесімен жеңіп шықты. Парлы сында қос қазақстандық 6:1, 6:2 есебімен басым түсті.

Ертең, 13 мамырда, Қазақстан Таиландпен кездеседі. Қытайды 0:3 есебімен ұтылған Таиланд әзірге соңғы орында. Ал Қазақстан мен Қытай үш ұпайдан жинап, топты бөлісіп тұр.

Beeline Janymda – матчтарды қай жерде жүрсең де тамашала!

«A`SU – әр сағат сайын іш!»