12.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық Кизатова Африка чемпионын ӘЧ-де нокдаунға түсірді

Қазақстандық Кизатова Африка чемпионын ӘЧ-де нокдаунға түсірді

Жасмин Кизатова Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетті.

66 келі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында қазақстандық спортшы Африка чемпионы, Кабо-Верде өкілі Ивануса Морейрамен кездесті. Екінші раундта Кизатова қарсыласын нокдаунға түсіріп, жекпе-жек қорытындысы бойынша 5:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Бұл жеңіс Қазақстан өкілінің әлем біріншілігінің ширек финалына өтуіне мүмкіндік берді. Айта кетейік, үш ай бұрын Кизатова Тайландтың Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алған болатын.

Қызығы, қазақстандық спортшының қарсыласы ерекше стилімен танымал — команда серіктестері Морейраның жұдырықтасу мәнерін аңызға айналған Мұхаммед Әлимен салыстырады.