Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Қазақстандық киберспортшы Malady Gaimin Gladiators ойыншысы атанды

Қазақстандық киберспортшы Malady Gaimin Gladiators ойыншысы атанды

Gaimin Gladiators киберспорт ұйымы қазақстандық Dota 2 ойыншысы Арман «Malady» Оразбаевпен келісімшарт жасасқанын жариялады.

L1ga Team командасынан жалға алынған киберспортшы Gladiators құрамында бірнеше турнирде өзін көрсетті: DreamLeague Season 25, PGL Wallachia Season 3, сондай-ақ FISSURE Universe: Episode 4 турнирінде күміс жүлдегер атанды. Ол құрамда екі ай бұрын қосалқы құрамға ауыстырылған Мельхиор «Seleri» Хилленкампты алмастырды.

Алты жылдық кәсіби мансабында Оразбаев танымал ұйымдарда өнер көрсетті:

  • HellRaisers
  • Natus Vincere
  • L1ga Team

Өнер көрсету барысында қазақстандық киберспортшының жүлде қоры 90 мың доллардан асты.