Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Қазақстандық киберспортшы Бухарестегі турнирдің үздік құрамына енді

Қазақстандық киберспортшы Бухарестегі турнирдің үздік құрамына енді

HLTV.org мәліметінше, G2 Esports командасының ойыншысы Никита «HeavyGod» Мартыненко CS2 бойынша PGL Bucharest 2025 турнирінің символдық құрамына енді — киберспортшы жарыстың үздік тірек ойыншысы ретінде танылды.

Үздіктер құрамындағы қалған төрт орынды Team Falcons өкілдері иеленді:

  • Дамьян «Kyxsan» Стоилковски — команда капитаны
  • Рене «TeSeS» Мадсен — жабушы ойыншы
  • Абдул «degster» Гасанов — снайпер
  • Никола «NiKo» Ковач — энтри-фрагер

Румыния астанасында өткен PGL Bucharest 2025 турнирі Team Falcons командасының G2 Esports құрамын финалда 3:0 есебімен сенімді жеңісімен аяқталды — жарыстың жүлде қоры 625 мың долларды құрады.