09.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстандық керлингшілер Азия ойындарында Тайбэйді жеңді

SPORT+ мәліметі бойынша, Қазақстанның керлингтен ерлер ұлттық құрамасы Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында сәтті бастама жасады.

Алғашқы матчта қазақстандық спортшылар Тайбэй командасымен кездесіп, 10:5 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Келесі ойында біздің құрама турнирдің топтық кезеңі аясында Филиппин құрамасымен күш сынасады.