Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық Кенжібаева Қытайдағы ITF жұптық турнирін жеңіп алды

Қазақстандық Кенжібаева Қытайдағы ITF жұптық турнирін жеңіп алды

Сандуғаш Кенжібаева ресейлік Софья Лансеремен бірге Қытайдың Мааньшан қаласындағы ITF турнирінде жұптық разрядта жеңімпаз атанды.

Турнирдің екінші нөмірлі жұбы — Кенжібаева мен Лансере — финалдық кездесуде бірінші нөмірлі жұп Мэйки Го (Қытай) мен Пеангтарн Плипуеч (Тайланд) жұбын 6:3, 3:6, 10:8 есебімен жеңді — матч 1 сағат 14 минутқа созылды.

Қазақстандық теннисші үшін бұл биылғы маусымдағы төртінші титул — бұған дейін Кенжібаева Түркияның Анталья қаласында өткен жұптық турнирлерде үш рет жеңіске жеткен болатын.