14.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстандық футболшылардың осы қыстағы ең әйгілі 5 трансфері

Қазақстан футболындағы қазіргі трансферлік терезе жергілікті ойыншылардың бірнеше елеулі ауысуларымен ерекшеленді. Олар чемпионаттағы күштердің орналасуына айтарлықтай әсер етеді.

Бесінші орында Темірлан Ерлановтың «Ордабасыдан» «Тобоыға» ауысуы тұр. Қорғаушы (құрама сапында шамамен 20 матч өткізген) 4 жылдық үзілістен кейін қостанайлық клубқа оралды, енді команданың қорғанысы өте әсерлі көрінеді.

Төртінші позицияны 22 жастағы Әділбек Жұмахановтың «Атыраудан» «Елімайға» трансфері иеленді. Жастар құрамасының жас капитаны — елдің негізгі құрамасы үшін дебют жасап үлгерді ал оның трансфері семейлік клубқа 170 мың еуроға түсті.

Үшінші орында — құрама жартылай қорғаушысы Айбол Әбікеннің «Ордабасыдан» «Қайсарға» ауысуы. 28 жастағы хавбек: ұзақ үзілістен кейін үлкен футболға оралып тіпті ұлттық құрамаға жолдама алды.

Екінші орында Еркебұлан Сейдахметтің «Қайраттан» «Ақтөбеге» трансфері тұр. Футболшы (бір кездері «қазақ Месси» атанған) алматылық клуб құрамында сәтті маусым өткізді енді мансабын елдің батысында жалғастырады.

Ең дабыралы ауысу құрама қақпашысы Игорь Шацкийдің туған қарағандылық «Шахтерге» оралуы болды — клуб Бірінші лигада өнер көрсететініне қарамастан қақпашы қиын кезеңде командаға көмектесуге шешім қабылдады.