11.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстандық фристайлшылар Азиада-2025-те синхронды секіруден қола жүлде алды

Харбинде (ҚХР) өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында әйелдер арасындағы фристайл-акробатикадағы синхронды секіру жарысы аяқталды.

Ардана Маханова мен Аяна Жолдас құрамындағы қазақстандық дуэт финалдық бөлімде өнер көрсетті. Біздің спортшылар 59.16 ұпай жинап үшінші орынға ие болды.

Алғашқы екі орынды жарыс қожайындары — қытайлық жұптар 87.12 және 84.86 ұпай жинап алтын және күміс медальдарды өз қоржындарына салды.

Бұл жүлде Қазақстан құрамасының жалпы медаль санын онға жеткізді (бір күн бұрын фристайлшыларымыз аралас командалық сайыста күміс алған болатын). Қазіргі уақытта ел қоржынында:

  • 1 алтын медаль
  • 5 күміс жүлде
  • 4 қола медаль

Қысқы Азия ойындары-2025 ақпанның 14-не дейін жалғасады.