21.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстандық экс-чемпион Бетербиев — Бивол жекпе-жегіне болжам жасады

Sportnews.kz хабарлауынша, WBO Global және WBC Asian экс-чемпионы Айдос Ербосынұлы Артур Бетербиев (21-0, 20 КО) мен Дмитрий Бивол (23-1, 12 КО) арасындағы алдағы жекпе-жек туралы пікір білдірді.

Жартылай ауыр салмақтағы абсолютті чемпион атағы үшін жекпе-жек 22.02.2025 күні Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтеді — бұл олардың кәсіби рингтегі екінші кездесуі.

Бірінші қарсыластықта (қазан-2024) Бетербиев төрешілердің көпшілік шешімімен жеңіске жетті, бәске бес чемпиондық белбеу тігілді: WBA IBO (Биволға тиесілі) және WBC WBO IBF (Артурдың иелігіндегі).

«Менің ойымша Бетербиев екінші жекпе-жекте нокаутпен жеңеді, бірінші кездесуде Артур көбірек сақтанып қарсыласын зерттеуге уақыт жұмсады. Бивол — әрине күрделі қарсылас бірақ бірінші жекпе-жектің соңына қарай (10-12 раундтар) Бетербиев ашық шабуылдап  жекпе-жекте үстемдік көрсетті» — деді Ербосынұлы.

Қазақстандық боксшының қараша-2022 жылдан бері рингке шықпағанын еске сала кетейік.