24.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық екі теннисші Түркиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

IMG 9165

Түркияның Анталия қаласында ITF W15 турнирлер сериясы жалғасуда, онда қазақстандық екі спортшы жұптық сайыста жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

18 жастағы Асылжан Арыстанбекова мен ресейлік Дарья Шадчнева ширек финалда қытай-жапон жұбы Яиджин Цао/Йена Коикеден басым түсті – 6:2, 6:3.

19 жасар Сандуғаш Кенжибаева мен неміс Джоэлл Лили-Софи Стюр Мелисс Бойден (Нидерланды) / Мария Михайлова (Ресей) жұбын тас-талқан етті — 6:0, 6:0.