05.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстандық дзюдошылар Австриядағы Гран-при кезеңіне қатысады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы 7-8 наурызда Австрияда өтетін әлемдік Гран-при кезеңінде ел намысын қорғайды, деп хабарлайды Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі.

Жарысқа 52 елден 438 спортшы қатысады деп жоспарланған. Қазақстан құрамасынан 14 дзюдошы бақ сынайды.

Әйелдер құрамасы:

  • Абиба Абужақынова (-48 кг)
  • Толғанай Әбеуова (-52 кг)
  • Дана Абдирова (-57 кг)
  • Самалай Ерғалиева (-63 кг)
  • Ақерке Рамазанова (+78 кг)

Ерлер құрамасы:

  • Талғат Орынбасар (-60 кг)
  • Нұрмұхаммед Ботабай (-66 кг)
  • Қуан Барыс (-73 кг)
  • Данияр Шамшаев (-73 кг)
  • Мади Амангелді (-81 кг)
  • Азат Күмісбай (-81 кг)
  • Мейірлан Максим (-90 кг)
  • Нұрлыхан Шархан (-100 кг)
  • Жантілек Нұртілепұлы (+100 кг)

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның бокстан әйелдер құрамасы әлем біріншілігіне қатысатыны хабарланған болатын. Бұл жарыс 9-16 наурыз аралығында Сербияның Ниш қаласында өтеді.