13.11.2024
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстандық чемпион NAIZA 69 турниріндегі чемпиондық айқасқа өз болжамын айтты

Магомед Кабардиев — өзінің керемет нокауттарымен танымал қазақстандық жауынгер, NAIZA лигасының жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы. Соңғы жекпе-жектерін ресейлік «Наше Дело» лигасында өткізген. Кәсіби ММА-дегі рекорды — 10 жеңіс пен 1 жеңіліс.

Магомед Sport Pulse редакциясымен 23 қараша күні NAIZA 69 турнирінің басты жекпе-жегі туралы өз ойымен бөлісті. Мэйн-ивентте жеңіл салмақтың украиналық чемпион Даниел Донченко (10-2, 7 KO/TKO, 2 SUB) алғашқы титулын қорғау үшін қазақстандық Рүстем Құдайбергеновке (8-5, 6 KO/TKO, 1 SUB) қарсы өткізеді.

“Бұл жекпе-жек 5 раундқа созылмайтыны анық. Екеуі де артқа шегінбейтін жауынгерлер, сондықтан біз өте қарқынды екі раундты тамашалаймыз. Екеуінің де тұрып төбелесу техникасы жақсы, жекпе-жек нағыз атысқа айналады. Менің ойымша, Даниил эпизодтарда дәлірек болып, біртіндеп басымдылығын арттырады. Донченко екінші не үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетеді деп ойлаймын”,- деді Кабардиев.