26.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстандық Болгариядағы турнирде өзбек боксшысын нокаутпен жеңді

Софияда (Болгария) өтіп жатқан Странджа-2025 турнирінде қазақстандық боксшы Бекзад Нұрдәулетов әсерлі жеңіске қол жеткізді. Спортшы өзбекстандық қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді.

86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында Нұрдәулетов Ақмалжон Исроиловпен кездесті. Жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді.

Айта кету керек бұған дейін дәл осы жарыс күні Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай да мерзімінен бұрын жеңіске жетті. 92 келіден жоғары салмақта ол пәкістандық Тахир Абдул Вахабты бірінші раундта нокаутқа түсірді.