Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Нұртас Әжбенов (15-1, 5 КО) шаршы алаңға қайта оралады, деп хабарлайды Prosports.kz.

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, Әжбеновтың келесі жекпе-жегі 18 мамырда туған жері Ақтөбеде өтеді. Онда ол жерлесі Заманбек Данабековпен (4-1, 2 КО) кездеседі. Қазақстанның кәсіпқой бокс комиссиясы анықтағандай, Нұртастың жеңіл салмақтағы титулы сарапқа салынады. Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған.

Нұртас Әжбенов кейінгі жекпе-жегін таяуда ғана өткізді. Ол 18 сәуірде Челябинскте Сергей Ковалевтің қоштасу жекпе-жегінің андеркардында өнер көрсетіп, ресейлік Вага Саруханяннан (21-4-2, 4 КО) төрешілер шешімімен ұтылып қалды. Дегенмен, бұл жекпе-жек IBA турнирінің бөлігі болды және боксшылардың кәсіпқой рекордына кірмеді.